Астанада «Сильфида» балетінің премьерасы өтеді

25 Қыркүйек 2023, 16:32 788

Биыл 8 қыркүйек күні «Астана Опера» театрының XI маусымы ашылды. Бұл туралы «Астана операның» тәлімгер ұстазы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рүстем Сейітбеков айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Рүстем Сейітбековтің сөзінше, көрермен назарына ұлттық классика шедеврі «Абай» операсы ұсынылған. Жаңа маусымда «Күлше қыз» спектаклі қойылды.

Осы демалыс күндері Грузия астанасы Тбилиси қаласында опера труппасының гастрольдері табысты өтті. Бірнеше күннен кейін «Астана Опера» театры елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына «Сильфида» балетінің премьерасын ұсынады, - деді Рүстем Серікбайұлы.

Сонымен қатар жаңа «Бала-театр» жобасы аясында Жолдыбай Дастеновтың «Қамбақ шал» ұлттық балалар операсының тұсаукесері өтеді.

Ал «Астана Опера» театрының солисі Серік Нақыспеков елордада алдағы уақытта премьерасы өтетін «Сильфида» балеті романтикалық балеттің бір таңбасы екенін тілге тиек етті.

«Сильфиданың» балет тарихында алар орны бөлек. Алғашқы премьерасы 1832 жылы Парижде өткен. Қазір біз қызу жұмыс істеп жатырмыз. Театрда жаңадан киімдер тігіліп жатыр, - деді ол.

Қойылым 29-30 қыркүйекте, сондай-ақ 1 және 3 қазанда көрермен назарына ұсынылады.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: