Астанада ШЫҰ-ның саммиті басталды

4 Шілде, 10:38 655

Астанада Қазақстан Республикасының төрағалығымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Саммит мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер лидерлері мен өкілдерінің Беларусь Республикасын ШЫҰ-ға қосу туралы құжатқа қол қоюмен басталды. 

Жалпы саммитке 16 елден президенттер, үкімет басшылары келген. Бұдан бөлек БҰҰ Бас хатшысы және ТМД, ЭЫҰ, АӨСШК, ҰҚШҰ, ЕЭК және АҚИҰ сияқты халықаралық ұйымдардың басшылары шақырылған.

ШЫҰ саммиті алғаш рет «ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысы» және «ШЫҰ+» кездесуі форматында өтіп жатыр.

ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысы барысында Астана декларациясы, 20 шешім, Мемлекет басшыларының 3 мәлімдемесі, оның ішінде «Әділ бейбітшілік, келісім және даму үшін әлемдік бірлік туралы», «ШЫҰ-ны жетілдіру туралы» бастамасы қабылданбақ. Беларусь Республикасын ШЫҰ мүшелігіне қабылдау рәсімін аяқтау және оған Ұйымға мүше мемлекет мәртебесін беру туралы тарихи шешім де бүгін жүзеге аспақ.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: