Астанада Ш.Уәлиханов көшесіндегі учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылды

25 Маусым 2023, 17:28 585

Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ш.Уәлиханов көшесінде жол төсеміне орташа жөндеу жұмысы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Осыған байланысты 25-28 маусым аралығында Абай даңғылынан бастап Кенесары көшесі дейінгі учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылады. 

Елорда әкімдігі осы орайда тұрғындар мен қонақтардан қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажеттігін қаперге салады. 

Асқар Таудай
Бөлісу: