Астанада шорт-тректен Қазақстанның іріктеу чемпионаты басталды

Бүгiн, 14:06 133

Бүгін, 2 қазанда Астанада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Республикалық турнир іріктеу мәртебесіне ие. Оның нәтижесі бойынша Қазақстанның жаңа маусымдағы құрамасы жасақталады.

Оған жарыстар жеңімпаздары енетін болады.

Сонымен бірге құрамаға уақыт және рейтингідегі орны бойынша үздік деп танылған спортшылар кіреді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: