Астанада саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына тағзым жасалды

16 Желтоқсан 2023, 21:50 1083

Елордада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Еске алу шарасына елордалық ҚХА мүшелері, қоғам және мемлекет қайраткерлері, белсенділер, жастар және басқа да қала тұрғындары қатысты.

Баршаңызды егемен мемлекетіміздің Ұлы мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Отбасыларымызға амандық пен саулық тілеймін! Тәуелсіздік жолында қаншама ата-бабамыз құрбан болды. Бүгінгі бейбіт заман ол кісілердің үлкен арманы еді. Біздің азаматтық борышымыз және міндетіміз – Тәуелсіздікті сақтау», – деп атап өтті «Жас Сарбаз» республикалық балалар жасөспірімдер әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысының елордалық филиалының басшысы Асхат Налшыбек.

Салтанатты рәсімге қатысушылар жиналғандарды мерекемен құттықтап, осы күннің маңыздылығын атап өтті.

Құрметті қазақстандықтар, астаналықтар, 30 жылдан астам уақыт бұрын қазақ халқының ғасырлар бойғы арманы орындалды. Қазақстан бейбітшілік пен келісім мекені болып саналады. Бір шаңырақ астында 100-ден астам ұлт өмір сүреді. Барлық қазақстандықтарға, әрбір отбасыға бейбітшілік пен тыныштық, тұрақтылық пен табыс тілеймін! Тәуелсіз Қазақстанымыз өркендей берсін, - деді Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Вайнах» шешен-ингуш мәдени орталығының мүшесі Юсуп Келигов.

Құрметті қазақстандықтар, баршаңызды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Шынында да, бұл үлкен күн. Баршаңызға амандық, бақыт, табыс және ең бастысы жер бетінде және Қазақстанымыз үшін бейбітшілік тілеймін», – деді «Ван» армян мәдени орталығының төрағасы Саак Салумян.

Тәуелсіздік күні әрбір қазақстандық үшін баға жетпес байлық. Өйткені, тәуелсіздікке қол жеткізу көптеген ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың асыл арманы болды.

Біз бұл арманымызға 1991 жылы 16 желтоқсан күні қол жеткіздік. Бұл күні Тәуелсіз Қазақстанның көк туы желбіреп, Мемлекеттік Әнұран орындалды. Біздің жаңа тәуелсіз мемлекетіміз құрылғаннан бері 32 жыл өтті және бұл тарих тұрғысынан қайғылы сәт. Әлем өзгеруде, ең бастысы, біздің негізгі ұстанымымыз келер ұрпақ үшін әлемдік державалармен иық тірестіре алатын тәуелсіз мемлекетті қалдыру болуы тиіс. Тәуелсіздік күні құтты болсын, құрметті қазақстандықтар!» – деді Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Зульфухар Гаипов.

Берік Арманов
Бөлісу: