Астанада Сарыарқа-Кенесары қиылысы жабылады

8 Маусым, 23:11 374

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сарыарқа даңғылын орташа жөндеу шеңберінде Сарыарқа даңғылы мен Кенесары көшесінің қиылысында жұмыстар жүргізілетін мәлім етті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Осыған байланысты үстіміздегі жылдың 8 маусымы сағат 20:00-ден 9 маусым сағат 22:00-ге дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұрайды.

Зарина Арман
Бөлісу: