Астанада Сарайшық-Мәңгілік Ел торабының учаскесі жөндеуге жабылады

8 Маусым, 10:48 316

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы М1 (Сарайшық-Мәңгілік Ел) жол айрығында жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Жұмыстар М1 жол айырығының келесі учаскелерінде жүргізілуде:

- Сарайшық көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына оң жақ съезд.

- Мәңгілік Ел даңғылынан Сарайшық көшесіне оң жақ съезд.

Осыған байланысты осы жылдың 8 маусымы сағат 18:00-ден 10 маусым сағат 6:00-ге дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: