23.09.2023
10:51
4115
Астанада салынып жатқан LRT бағандарының бірі қисайып қалды

Астанада салынып жатқан LRT бағандарының бірі қисайып қалды

City Transportation Systems (CTS) компаниясы салынып жатқан LRT бағандары бірінің қисайып кетуіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Жан-жақты зерттеу барысында 1 тіректің жобаға сай келмейтіндігі анықталды. Осы себепті мердігер аталған тіректі бұзып жатыр. Одан кейін қайтадан салады. Шығын бас мердігер есебінен өтелетін болады, – деді аталған компанияның баспасөз қызметінің жетекшісі Оксана Лоскутова.

Айта кетейік, Астанада құрылысы қайта жалғасқан LRT-ның қисайған бағаны түсірілген видео әлеуметтік желіде тараған еді.