Астанада референдум күні 39 сәби өмірге келді

6 Қазан, 18:12 449

Бүгінгі күн елорда тұрғындары үшін республикалық референдумға қатысу, сондай-ақ перзентханалардағы қуанышты оқиғалармен тұспа-тұс келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдік мәліметінше, Астанада 2024 жылғы 6 қазанда сағат 00:00-ден 15:00-ге дейін 39 нәресте өмірге келді, оның ішінде 29-ы – ұл және 10-ы – қыз.

Елорданың үш перзентханасында сәбилер өмір есігін ашты.

Нәрестелер мен олардың аналары жақсы жағдайда және тиісті күтім көрсетіліп жатыр. Референдум күні елорданың медициналық мекемелері акушерлік бөлімшелердегі әйелдерге дауыс беру мүмкіндігін ұйымдастырды. Арнайы сайлау учаскелері тікелей ауруханаларда ашылды, бұл жүкті және босанған әйелдерге медициналық мекемелерден шықпай-ақ таңдау жасауға мүмкіндік берді.

Астанада таңертеңгі сағат 7-ден бастап 460 учаске жұмыс істейді, оның 352-сі – ашық, 34-і – жабық, 74-і дипломатиялық өкілдіктер мен елшіліктерге бөлінген.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: