Астанада рәміздер күніне орай ұйымдастырылған ауқымды автошеру өтті

4 Маусым 2023, 15:55 1033

Елордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 31 жылдығына орай жыл сайынғы автошеру өтті, деп хабарлайды деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Астана әкімдігіне сілтеме жасап. 

Автошерудіғ қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлау, Отанға, елдің мемлекеттік рәміздеріне деген патриотизм мен сүйіспеншілік сезімін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Ауқымда шара барысында көпшілікті автоспорт федерациясының президенті Анатолий мерекемен құттықтады.

Біз үшін бұл ауқымы жағынан да, маңызы жағынан да ерекше мереке. Түрлі клубтардан жиналған автокөлік әуесқойлары еліміздің туын қала ішінде алып жүру үшін жиналады. Бұл біздің азаматтарды шабыттандырудың және оларға мерекелік көңіл-күй сыйлаудың ерекше тәсілі, өйткені осы тақырыпқа арналған автошерулер ылғи да әсерлі өтеді, - деді Анатолий Бондарь.

Іс-шараны автоеріктілер мен Lada granta club, JDM generations, W202, Cerato club, Camry family, Skoda club, Drive club секілді өзге де автоклуб өкілдері қолдап, өтуіне үлес қосты. Мемлекеттік туы бар 50-ге жуық машина Мемлекеттік рәміздер алаңынан ЭКСПО аумағы арқылы, Абылай хан даңғылымен Отан қорғаушылар алаңына дейін жүріп өтті.

Мұндай автошерулерге біздің клуб бірнеше жылдан бері қатысып келеді. Біз ылғи да қаладағы әртүрлі мәдени іс-шараларды қолдаймыз. Мемлекеттік рәміздер күні - бұл өте маңызды, ерекше шабыт беретін мереке, сондықтан бұл күндіі ерекше түрде өткізетінімізге қуанамыз. Мемлекеттік туы бар автошерулер - жылдағы менің сүйікті іс-шараларымның бірі», - деп бөлісті Lada Granta Astana автоклубының өкілі Вера Колодий.

 

Асқар Таудай
Бөлісу: