Астанада радиоэлектрондық күрес мамандарының оқу-әдістемелік жиыны аяқталды

29 Маусым, 07:34 552

Қорғаныс министрлігінің 43988 әскери бөлімінде Қарулы күштер түрлері мен әскер тектері радиоэлектрондық күрес мамандарының оқу-әдістемелік жиындары ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Офицерлік құраммен сабақтар тәжірибе алмасу, жаңа білім мен дағдыларды игеру мақсатында өткізіліп отыр. Жиынға қатысушылар қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың ерекшеліктерін ескере отырып, РЭК күштері мен құралдарын қолдануды зерделеді. Бұл өз кезегінде РЭК жоспарлау және техникалық барлауға қарсы іс-қимыл кезінде бірыңғай тәсілдерді әзірлеуге мүмкіндік береді.

Офицерлердің кәсіби деңгейін арттыруға, әртүрлі бөлімшелер арасындағы үйлестіру мен өзара іс-қимылды жақсартуға бағытталған жиындар елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға және ҚР Қарулы күштерінің жауынгерлік әзірлігін арттыруға ықпал ететін болады.

Зарина Арман
Бөлісу: