Елордада ТЖМ әскери қызметшілері қайғылы оқиғаның алдын алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бүгін Есіл өзенінің тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша рейдтік іс-шаралар барысында Мартбек Мамраев атындағы 52859 әскери бөлімінің әскери қызметшілері сержант Владислав Ярилин және кіші сержант Қасымхан Қошқар суға шомылуға тыйым салынған орында суға батып бара жатқан ер адамды байқаған.
Әскери қызметшілердің жедел әрекетінің арқасында 1992 жылы туған ер адам судан шығарылып, жағаға жеткізілді. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
ТЖМ тарапы азаматтарға тыйым салынған орындарда шомылу өмірге қауіпті екенін ескертіп, өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болуды қаперге салады.