Астанада құсбегіліктен халықаралық турнир өтеді

11 Қыркүйек 2023, 21:09 791

Астана қаласы маңындағы Софиевка ауылында 12-13 қыркүйек күндері құсбегіліктен (саятшылық) барлық жастағы спортшылар арасында Күнтуған Тоқтыбайұлы атындағы халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жарысқа Қытай, Моңғолия, Қырғызстан мемлекеттерінен сонымен қатар, Қазақстанның 15 облысы мен 4 қаласынан спортшылар қатысады деп жоспарланып отыр.

Атаулы халықаралық турнир биыл 6 рет ұйымдастырылып отыр. Жарысқа әлем чемпионатының жеңімпазы Серікболсын Жалғасұлы, Азия чемпионатының жеңімпазы Арман Қошқаров сынды спортшылар қатысып, бақ сынайды.

Өтетін орны: «Алаш» тас жолы, Софиевка ауылы.

Перизат Саденова
Бөлісу: