Астанада құрылысы ұзаққа созылған сегіз тұрғын үй кешені қолданысқа беріледі

19 Қараша, 13:57 347

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жыл соңына дейін аяқталатын құрылыс кешендері туралы жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімнің айтуынша, жыл соңына дейін құрылысы ұзаққа созылған тағы 8 тұрғын үй кешенін аяқталады. Олардың арасында 13 жылдан бері баспанасының құрылысы аяқталғанын күтіп жүргендер де бар.

«Араби 2 - Гранитный 2» тұрғын үй кешенінің құрылысымен таныстым. Бұл тұрғын үй кешені 11 жыл бұрын проблемалы деп танылған. «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС-ға тапсырар кезде тұрғын үй кешенінің тіпті жер учаскесі де болмаған. Жер телімін бөлу, барлық қажетті рәсімнен өту бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Қазіргі уақытта Б блогы бойынша құрылыс-монтаж жұмысы жүріп жатыр.

«Садовые кварталы» тұрғын үй кешенінің құрылысы 2011 жылы басталған. ЕҚК-ге тапсырар алдында қадалары мен шұңқыры ғана болған. Қазіргі уақытта екінші белгі бойынша бесінші-алтыншы блоктарда пәтерлердің ақауларын жою және оларды абаттандыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Төртінші белгі бойынша жалпы пайдалану орындарын әрлеу, еден төсеніштерін құю, әлсіз желілерді монтаждау және т.б. бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, - деп жазды әкім.

Соңғы жылдары Астанада құрылысы ұзаққа созылған 140-тан астам тұрғын үй кешені аяқталып, 15,5 мыңға тарта үлескер отбасы көптен күткен пәтерінің кілтін алды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: