Астанада құны 540 млн теңге болатын есірткі анықталды

1 Наурыз, 12:34 588

Астананың өнеркәсіп аймағында синтетикалық есірткі өндірумен айналысатын жасырын зертхана анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҰҚК жасырын зертхананы ұйымдастырды деген елорданың екі тұрғынын ұстады.

Тінту барысында шамамен 80 мың бір реттік дозаға бара-бар 27 кг астам «мефедрон» психотроптық заты, сондай-ақ 1 тоннадан артық прекурсор алынды. Алынған есірткі құны «қара нарықта» 540 млн теңгеге бағаланады, - делінген мәліметте.

Сонымен қатар Астана қаласы басқа аудандарында зертхана жабдығы бар 40 футтық екі контейнер табылды, тергеу нұсқасы бойынша, олар бірнеше осыған ұқсас өндірісті ұйымдастыру үшін арналған.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: