Астанада құлағы естімейтін такси жүргізушісін балағаттаған жолаушы ұсталды

12 Мамыр, 17:41 902

Қазнетте мас жолаушының таксисті балағаттаған видеосы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі болғандай, ер адамның құлағы естімейді екен. Ал оның есімі Шыңғыс.

Оның да әкесі секілді құлағы естімейді. Екеуі де Астанада тұрады, такси жүргізушілері. Тек әкесі күндіз, ал Шыңғыс түнде жұмыс істейді. Себебі екеуінде бір ғана көлік бар. Кеше Шыңғыс екі жолаушыны алып кеткен, олардың бірі адамгершілік деген ұғымды жоққа шығарды. Ер адам жүргізушіні әбден балағаттап, USB-ді алып кетпек болды, – деп жазды Buzyq Telegram арнасы.

Астана қалалық Полиция департаменті жолаушының ұсталғанын мәлімдеді.

Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін іс материалы сотқа жолданды, - делінген мәліметте.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: