25.07.2023
09:07
1409
Астанада Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы жауапқа тартылды

Астанада Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы жауапқа тартылды

Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ басшысына қатысты тергеуді аяқтады.

Ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, кәсіпкерлік субъектісіне 4,7 млн теңге көлемінде залал келтірген деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта айыпталушы сотқа тартылды, - делінген мәліметте.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.