Астанада қолөнершілер жәрмеңкесі өтіп жатыр

4 Маусым 2023, 16:28 935

Астанада "Аламан құрақ" жобасы аясында қолөнершілер жәрмеңкесі және мода фэшн ұлттық киімдер дефилесі өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, рәміздер күніне орай өтіп жатқан жәрмеңкеге 250-ге жуық қолөнерші қатысуға ниет білдірген. Қала тұрғындары мен қонақтары қолөнершілердің құрақ көрпелерін қызықтап, оның тарихы мен жасалу жолы туралы мол мағлұматқа қанығып, өзге де ерекшеліктеріне көз жеткізді.

Таңертең басталған жәрмеңке кешке дейін жалғасады. Құрақ көрпе қазақ халқының ұлттық құндылығы және ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт-дәстүр ретінде көпшілікке бүгінгі шара аясында насихатталмақ.

Сондай-ақ, «Қазақтың құрағына әлем керек» деген ұранмен «Аламан құрақ» жобасы ұйымдастырылды.

Асқар Таудай
Бөлісу: