Астанада қоғамдық орындарды ластаған 15 мың азамат жазаланды

Бүгiн, 14:36 114

«Таза Қазақстан» акциясы жалғасып жатыр. «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіп үлгісі» экологиялық акциясы аясында Астана қалалық полиция департаменті қоршаған ортаны абаттандыру ережелерін бұзу және қоғамдық орындарды ластау фактілерінің алдын алу шараларын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іргелес аумақты уақытында тазаламағаны және қоқыс үйіндісін жасағаны үшін 188 құрылыс компаниясы, аудан аумағын тазалаумен және қалдықтарды шығарумен айналысатын 205 мердігер ұйым, сондай-ақ қызмет көрсетілетін ғимараттардың іргелес аумақтарын дұрыс тазаламаған 92 ұйым жауапкершілікке тартылды. Осы жылдың басынан бері қоғамдық орындарды ластағаны үшін 15 мыңнан астам, абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 20 мыңнан аса құқық бұзушылық анықталып, жазаланды. Қала аумағында қоқыс үйінділерінің пайда болуына жол бермеу мақсатында анықталмаған орындарға қоқыс тастаған тұлғаларды анықтау бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Осы жылдың басынан бері рұқсатсыз қоқыс шығарғаны үшін 394 жүргізуші, ал ағынды суларды төккен 95 кәріз көлігінің жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Астана қалалық полиция департаменті қала тұрғындарын немқұрайлы қарамауға шақырып, елорданы көркейтуге өз үлестерін қосуға және акцияға қатысуға үгіттейді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: