Астанада қоғамдық көліктер 45 минутқа дейін кешігуі мүмкін

21 Желтоқсан 2022, 20:18 1438

Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы мәлім етті

Ауа-райының нашарлауына байланысты елордада көлік кептелісі көбейіп, автобустар кешігіп келіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қаланың қоғамдық көлігіне жауапты City Transportation Systems компаниясының хабарлауынша, әсіресе автобус жолағы жоқ көшелерде автобус инвервалы ұзаруда.

Елорда жолдарында коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

«CTS барлық жол қозғалысына қатысушыларды мұқият болуға және бағдарларды алдын ала жоспарлауға шақырады. Барлық жүргізушілерді жолда мүмкіндігінше мұқият болуға, қауіпсіз қашықтықты сақтауға, жылдамдық режимін таңдауға, шұғыл тежеуді болдырмауға шақырамыз. Біздің компанияның диспетчерлік қызметі қаладағы қоғамдық көліктің қозғалысын онлайн режимде бақылайды. Қазіргі уақытта диспетчерлер автобустардың 45 минутқа дейін кешігуін есептеп отыр», - дейді компания.
EL.KZ
Бөлісу: