Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Астанада мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Отырысқа Қоғамдық кеңес мүшелері, салалық комитеттер мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Күн тәртібінде елдің қоғамдық-саяси және мәдени өміріне қатысты өзекті мәселелер қаралды. Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен үкіметтік емес ұйымдарға қатысты заң жобасы бойынша баяндама жасап, оны жетілдіру жөніндегі ұсыныстар мен іске асыру тетіктерін жан-жақты талдады. Вице-министр азаматтық қоғамды орнықты дамытуда бұл тәсілдердің маңызды екенін ерекше атап өтті.
Отырыс барысында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мәселелері, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар, сондай-ақ мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар бастамалар да талқыланды.
Жиын қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстарды салалық саясатты жетілдіру және азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықты тереңдету ісінде пайдаланатын болады.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары