24.01.2023
16:27
2511
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті

Бүгін Астана қаласындағы «Қазмедиа орталығы» ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ҚХА Кеңесінің жұмысына Ассамблея Кеңесінің мүшелері, ҚР Парламенті депутаттары, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, этномәдени бірлестіктердің, ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның өкілдері қатысты.

Отырыс барысында Кеңес қатысушылары ҚХА қызметі бойынша бірқатар мәселелерді қарастырды.