Астанада қар күреуге екі мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылды

15 Сәуір 2023, 15:38 1323

Елордада коммуналдық қызметтер қаланы қардан тазартып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана әкімдігінің мәліметінше, 15 сәуір күні түстен кейін қар тазалау жұмысына екі мыңнан астам жол жұмысшысы жұмылдырылды. Себебі елордада қарлы боран соғып, көше көктайғаққа айналды.

Таңертең бас қаланың көшелері мен жолдарын қардан тазартуға 2000-нан астам жол жұмысшы мен 1000-ға жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Қар тазалау жұмысы ерекше назарға алынып, белгіленген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 3,9 миллион текше метрден астам қар шығарылды, ол үшін қар полигондарына 312 723 рейс жасалды, - делінген мәліметте.

Бұған дейін елордадан барлық бағытға жолдар жабылғанын хабарлағанбыз.

EL.KZ
Бөлісу: