Астанада қаланың дизайн-кодына сәйкес келмейтін 2 600-ден астам жарнамалық маңдайша мен баннер алынды

12 Тамыз 2023, 18:57 1114

Елордада қаланың жалпы келбетін 2019 жылы бекітілген дизайн-кодқа сәйкес келтіру жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осы ретте күн сайын аудандарда кәсіпкерлер арасында түсініктемелер жүргізіледі. Сонымен қатар, жыл басынан бері Астананың бес ауданында қаланың дизайн-кодына сәйкес келмейтін 2 600-ден астам жарнамалық маңдайша мен баннер алынды. 

Әкімдіктердің қызметкерлері заңсыз және тиісті емес жарнамаларды, оның ішінде баннерлерді, маңдайшаларды және дөңгелектердегі жарнамаларды түсіндіру және бөлшектеу бойынша көшпелі іс-шаралар ұйымдастырып келеді. 

Кәсіпкерлермен сұхбат жүргізіліп, маңдайшаларды дизайн-кодқа сәйкес келтіру туралы хабарламалар беріліп жатыр. 

Бір апта ішінде әкімдік қызметкерлерінің жұмысы нәтижесінде дизайн-кодқа сәйкес келмейтін мыңға жуық заңсыз ілінген баннер мен маңдайша алынып тасталған. 

Асқар Таудай
Бөлісу: