503.15
543.3
5.93

Астанада Қадір түнінде қоғамдық автобустар жолаушыларды тегін тасымалдайды

©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
26 Наурыз, 21:24 412

Астанада Қадір түнінде, яғни 26 наурыздан 27 наурызға қараған түні тұрғындарды мешіттерден тегін қатынайтын арнайы автобустар жүреді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі. 

Қосымша көлік 22:00-ден бастап қатынайды, автобустың соңғы жүретін уақыты – таңғы 04:00-де. Автобустар қала тұрғындарының ыңғайлы жүруін қамтамасыз ете отырып, қаланың аталған аудандарына жеткізу үшін қатынайтын болады.

Арнайы көлік қозғалысының маршруттары:

«Республикалық Бас мешіт» мешіті – Целинный шағын ауданы, «Есу каналы» аялдамасы және Республика даңғылы;

«Әзірет Сұлтан» мешіті – «Спутник» супермаркеті, Теміржол вокзалы және Көктал-1,2 тұрғын алабы;

«Әбу Насыр Әл-Фараби» мешіті – «Көктал-1,2» тұрғын алабы, Теміржол вокзалы және Медициналық колледж;

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті – «Көктал-1,2» тұрғын алабы және Киричный тұрғын алабы;

«Рахымқызы Райса ана» мешіті – автобустар «Рахмет» сауда орталығы;һ.

Қосымша маршруттарды іске қосу жолдарда кептеліс болуына жол бермейді және елорданың барлық тұрғыны үшін қолайлы қозғалысты қамтамасыз етеді.

Асқар Таудай
Бөлісу: