Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қабанбай батыр даңғылының Хусейн Бен Талал көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жүргізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Осыған байланысты 11 маусым күні сағат 06:00-ден бастап 14 маусым сағат 06:00-ге дейін аталған учаске толығымен жабылатын болады.
Қабанбай батыр/Хусейн бен Талал және Қабанбай батыр/Ұлы Дала қиылыстары ашық болады.
Астана тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.