Астанада Президент кубогының жеңімпазы анықталды

Астанада Президент кубогының жеңімпазы анықталды

Астана қаласында теннистен Президент кубогы үшін челленджер турнирі аяқталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Финалда әлемнің 187-ракеткасы, норвегиялық Николай Будков Кьер рейтингіде 420-орындағы италиялық Александр Биндуді 6:4, 6:3 есебімен ұтты.

Осылайша, 18 жастағы норвегиялық теннисші 8 350 долларға қоса 50 рейтингілік ұпайға ие болды. Бұл — оның спорттық жолындағы челленджер жарысындағы үшінші титулы.

Жұптық сында жапониялықтар Тайсей Ишикава — Кокоро Исамура үздік шықты. Олар соңғы бәсекеде филиппиндік Фрэнсис Алькантара — кореялық Сун Пакты ұтты — 7:5, 2:6, 10:5. 

Сондай-ақ, бүгін Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Монреальда өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты.