25.12.2024
11:00
823
Астанада полицей қыз тоғызыншы қабаттан құлап қаза тапты

Астанада полицей қыз тоғызыншы қабаттан құлап қаза тапты

Астанада жас полицей қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала мәлімет бойынша марқұм тоғызыншы қабаттан құлаған. Мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады Астана полициясы.

Полиция қайғылы оқиға сейсенбі, 24 желтоқсанда болғанын нақтылады.