Елорда күні мен ШЫҰ саммитін өткізу қарсаңында Ботаникалық бақта отшашу ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, отшашу демеушілер есебінен ұйымдастырылған.
10 мыңнан астам адам отшашуды көруге келді. 5 минут ішінде аспанға биіктігі 60-тан 250 метрге дейін 10 мың отшашу шығарылды. Ұзындығы 500 метрді құрады.
Фото: Арман Мухатов
Айта кетейік, 4 шілде күні «Көпжақты диалогты нығайту – орнықты бейбітшілік пен дамуға ұмтылу» тақырыбында ШЫҰ саммиті өтеді. Ал Астана күні 6 шілде күні тойланады.
Іс-шара барысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ауқымды мәселелерді ортаға салады.