Астанада өрттен зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетіледі

17 Қараша, 14:42 687

Астана өрт кезінде қайтыс болған балалардың ата-анасына қала әкімдігі тиісті көмекті көрсетеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімдік мәліметінше, шатыры жартылай опырылып, өрт болған жекеменшік екі қабатты үйде екі отбасы тұрған. Астана әкімдігі оларға қажетті көмек көрсетеді.

Құрбан болған зардап шеккен отбасыға психологиялық көмек беріледі. Оларға материалдық, тұрғын үй және басқа да қажетті көмек көрсетіледі. Туыстарына қайғыра көңіл айтамыз. Құрбан болмаған екінші отбасы уақытша баспанаға орналастырылды. Әкімдік қызметкерлері отбасыларымен тұрақты байланыста, барлық қажетті көмек көрсетіледі, - деп жазылған Астана әкімдігінің ақпаратында. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: