Астанада «Орталық Азия – Ресей» сарапшылар форумы басталды

18 Қазан 2022, 12:29 1471

Форумға Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресейдің талдау орталықтарының басшылары қатысып жатыр

Астанада «Орталық Азия – Ресей» саммиті аясында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Ресей Ғылым академиясының Е.М.Примаков атындағы Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар ұлттық ғылыми-зерттеу институты «Орталық Азия – Ресей: бірлесіп дамудың кезектегі мәселелері» атты сарапшылар форумын өткізуде, деп хабарлайды El.kz

Форумға Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресейдің талдау орталықтарының басшылары, сондай-ақ өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша сарапшы мамандар қатысуда.

Форум аясында аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері, Орталық Азия мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту бағыттары және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланады.


Бөлісу: