Астанада өрт шыққан үйден 8 адам құтқарылды

Астанада өрт шыққан үйден 8 адам құтқарылды

ТЖМ құтқарушылары 8 адамды құтқарды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Ведомтство дерегінше, бүгін Астанада Есіл ауданындағы Сарайшық көшесінде орналасқан тұрғын үй кешенінің 15-қабатында өрт шықты.

Құтқарушылар электр қалқанындағы электр желісінің жануын дер кезінде сөндіріп, өрттің әрі қарай таралуына жол бермеді.

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер тұрғын үй кешенінен баспалдақ маршы және арнайы АКП-90 техникасы арқылы 8 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарды, - делінген мәліметте.

Өртті сөндіру және құтқару жұмыстары барысында тұрғындар құтқарушыларға шынайы #алғыстарын білдірді.