Астанада оқушыларға автобуста тегін жүру карталарын беру уақытша тоқтатылады

26 Сәуір 2023, 21:10 1027

27 сәуірден бастап Астанада атаулы (жеңілдікті және мектеп) көлік карталарын шығару және қайта шығару уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Cts.gov.kz мәліметінше, бұған көлік карталарын жеткізушіде логистика бойынша туындаған қиындықтар себеп.

Орталық кассада, Р.Қошқарбаев даңғылы 50/1 мекенжайы бойынша азаматтардың жеңілдікті және мектеп санаттары үшін көлік карталарын бастапқы шығаруға және қайта шығаруға құжаттар ғана қабылданады. Жол ақысын төлеудің электрондық жүйесінде пайдалануға арналған көлік карталары жеткізілгеннен кейін карталар шығарылып, өтініш берушілердің мекенжайларына тегін жеткізіледі, - делінген мәліметте.

Компания жеңілдікті немесе мектеп көлігі картасын алғанға дейін пайдаланушыларға талон берілетіндігін ескертті.

Талонды қоғамдық көлікте пайдалануға және көліктік бақылау қызметкерлері тексеруі кезінде көрсетуге болады, - делінген ресми ақпаратта.

Ал атаулы карталарды шығару жөніндегі қызметтің қайта басталуы туралы қосымша хабарланатын болады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: