Астанада жастар арасында ғылыми-техникалық шығармашылықты дамыту және инженерлік, технологиялық мамандықтарды насихаттау мақсатында 18 қазан күні 8-11 сынып оқушыларына арналған «Білімдегі инновациялар» қалалық STEM олимпиадасы өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігіне сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
STEM Олимпиадасы оқушылардың ғылымға, технологияға, инженерияға және математикаға деген қызығушылығын арттыруға, зерттеу және жобалау дағдыларын қалыптастыруға, сондай-ақ талантты оқушыларды анықтау мен қолдауға бағытталған.
Іс-шара бағдарламасына кіреді:
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер өз жетістіктері үшін құнды сыйлықтар және дипломдармен марапатталады.
Олимпиадаға елорданың әртүрлі мектептерінен 200-ден астам оқушы қатысады. Олар робототехника, инженерлік іс, бағдарламалау және 3D-модельдеу сияқты бағыттар бойынша жарысады.