Астанада онкологиялық сырқаттан болатын өлім-жітім азайды

5 Ақпан 2023, 02:27 1389

Сондай-ақ сырқат белгілерін ерте анықтау дерегі көбейген

Астана қаласында онкологиялық сырқаттан болатын өлім-жітім көрсеткіші азайды, деп хабарлайды El.kz елорда әкімдігінің ресми сайтын сілтеме жасап.

«Көпсалалы медицина орталығының» дәрігері Юрий Жуковтың айтуынша, бас қалада жалпы сырқаттанушылықтың 180,1-ден (2021 жылы) 180,6-ға (2022 жылы) дейін өсу үрдісі байқалады. Бұл жалпы ауруды алдын ала анықтау, тұрақты түрде скринингтер жүргізумен және жалпы өлім-жітімнің төмендеуімен байланысты.

2007 жылдан бастап Астана қаласы бойынша сырқаттанушылық құрылымында сүт безі обыры 1-орында, былтыр 401 сырқат жағдайы тіркелген, бұл 100 мың тұрғынға шаққанда 30,3 құрады (2021 жылы – 100 мың адамға шаққанда 344/28,4), скринингтерді енгізуге байланысты сырқат белгілерін уақытынан ерте анықтау 6,6%-ға артты.

2021 жылмен салыстырғанда 100 мың тұрғынға шаққанда 6,7-ден 6,2-ге дейін өлім-жітімнің 7,5%-ға төмендеуі байқалады, аурудың 1-2-сатысының ерте диагностикасы жақсарды және 90,2% – 3 (2021 жылы – 87,0%) 3,7%-ға жоғары көрсеткішті құрады. Бүгінгі таңда 3 мыңнан астам әйел сүт безі обыры бар диспансерлік есепте тұрады, - деді дәрігер.

Тағы бір ескеретін мәселе, қатерлі дертке шалдығатындар қатары жасарып келеді. Себебі қатерлі ісік 20-30 жастағы науқастарда да кездеседі.

EL.KZ
Бөлісу: