Астанада онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі онкүндік өтті

21 Ақпан 2023, 17:04 1068

Елордада Халықаралық қатерлі ісікке қарсы күрес күніне орай онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі республикалық онкүндік өтті, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Дәрігерлер қатерлі ісіктің алдын алуда скринингтің маңызды екенін ескертеді.

Ашық есік күні аясында Көпсалалы медициналық орталықта 100-ге жуық адам толық тексеруден өтті. Өйткені бұл қиын аурудың өршіген ауыр түрімен күресуден гөрі алдын алу жеңілірек.

«Қатерлі ісік түрлерін ісіктің орналасқан жеріне, оның мөлшеріне, пайда болу себептеріне және өзге де факторларға байланысты жіктеуге болады. Ағзадағы ісік процесінің дамуына дұрыс тамақтанбаудан бастап генетикалық тұқым қуалаушылыққа дейін әртүрлі себептер әсер етуі мүмкін. Қатерлі ісіктің барлық түрлері белгілі бір емдеу режимін қажет етеді, бұл қалыпты жағдайды сақтауға мүмкіндік береді», - дейді маман.

EL.KZ
Бөлісу: