Астанада Обаған және Кеңгір көшелері жабылады

21 Шілде 2023, 23:33 974

Астана қаласының ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Обаған және Кеңгір көшелерінің қиылысында инженерлік желілер салу бойынша жұмыс жүргізіледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Осыған байланысты 24 шілдеден 6 тамызға дейін жоғарыда аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Перизат Саденова
Бөлісу: