13.10.2022
18:25
2156
Астанада үндінің мемлекет қайраткері Махатма Гандидің ескерткіші ашылды

Астанада үндінің мемлекет қайраткері Махатма Гандидің ескерткіші ашылды

Бүгін Астанада үндінің мемлекет қайраткері Махатма Гандидің ескерткіші ашылды, деп хабарлайды El.kz.

Мәдениет және спорт министрлігінің орынбасары Серік Жарасбаев Қазакстан мен Үндістанның дипломатиялық байланыс орнауына 30 жыл толуына орай Нью-Делиде Абай ескерткіші ашылса, бүгін Махатма Гандидің ескерткіші Астанада бой көтергенін айтты.

 Үндістанның мәдениет министрі Минакши Лекхи қазақстандық әріптестеріне алғыс білдіріп, бұл ескерткіш екі елдің достығымыздың беріктігін көрсететінін атады.