16.03.2024
04:42
1271
Астанада Наурыз мерекесінде қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Астанада Наурыз мерекесінде қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Астанада алдағы Наурыз мерекесі күндері қоғамдық көлік қалай қатынайтыны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі CTS-ке сілтеме жасап.

Мереке күндері елорданың қоғамдық көлігі келесідей жұмыс істейді:

21, 22, 23, 25 наурыз күндері сенбі күнінің кестесімен;

24 наурызда жексенбі күнінің кестесіне сәйкес жүреді.

Жұмыс уақыты сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін.

Сапарларыңызды жоспарлау барысында осы ақпаратты ескеруді сұраймыз.

Қала маңы бағдарларының жүру кестесін CTS-тің Instagram парақшасынан қарауға болады.