Астанада мыңға жуық адамды тіркеген «резеңке» пәтердің иесі сотталды

10 Шілде, 12:53 924

Елорда прокуратурасы көші-қон заңнамасы талаптарының сақталуын тексеру шеңберінде жалпы ауданы 35,7 шаршы метр бір бөлмелі пәтерде 937 адам тіркелгенін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Мемлекеттік айыптаушы тұрғын үй-жайды беру арқылы заңсыз көші-қонды ұйымдастырған сотталғанның кінәсін дәлелдеді.

Сот үкімімен «резеңке» пәтердің иесі ҚК-нің 394 – бабының 1 – бөлігі бойынша сотталды. Үкім заңды күшіне енді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: