Астанада Мұнайтпасов атындағы стадион құрылысы жоспарлануда

24 Қыркүйек, 19:41 436

«Мемсараптама» РМК Астана қ. Қ. Мұнайтпасов атындағы стадионның құрылысына жобалық құжаттаманы қарау қорытындысы бойынша оң қорытынды берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, нысан құрылысы Сарыарқа ауданындағы Кенесары көшесі, 14 мекенжайы бойынша қарастырылған. Нысанның құрылыс алаңы 15 мың шаршы метрден асады.

Болашақ стадионның ғимараты 3 600 адамға арналған үш қабатты болады. Стадион батыс және шығыс жағында әр түрлі қабаттағы екі блоктан тұратын жабық ғимарат болады, оның үстіне металл арка қосылған, - делінген мәліметте.

Жобаны 16 айда аяқтау жоспарлануда.

Зарина Арман
Бөлісу: