Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Молдағұлова көшесінде орташа жөндеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, аталған жұмыс Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаланың ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жалғасуда. Жөндеу жұмысы Ә.Молдағұлова көшесінде Бекетай көшесінен Г. Потанин көшесіне дейін ұласты.
Осыған байланысты биыл 27 мамырдан 1 маусымға дейін жоғарыда аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылып отыр.
Әкімдігі елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажеттігін ескертеді.