Астанада мейрамхана өртенді

Кеше, 21:00 141

Астанада Сарыарқа ауданы Мамбетова көшесінде орналасқан екі қабатты мейрамханадан өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Ал өрт ошағы ас үй бөлмесінде болды.

Ғимаратта адамдар жоқ. Өрт сөндірушілер қауіпсіз аймаққа үш газ баллонын шығарды. Өрт оқшауланды, - делінген мәліметте.

Зарина Арман
Бөлісу: