Астанада мектептің жанынан кәмелетке толмаған қыздың денесі табылды

11 Қыркүйек, 15:12 1484

Астанада мектептің жанынан қыз бала өлі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 10 қыркүйекте болған. Жергілікті тұрғындардың бірі - адам мәйіті мектептен 50 қадам жерде табылғанын жазды.

Бұл дерекке қатысты Полиция департаменті пікір білдірді.  

Кәмелетке толмаған қыздың денесі  табылды. Оны зерттеу барысында зорлау белгілері табылмады, өлім себебі анықталып жатыр. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді, - делінген полиция хабарламасында. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: