08.02.2024
22:15
1427
Астанада мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқитын болады

Астанада мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқитын болады

Астанада 9 ақпан күні І ауысымда оқитын мектеп оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттері қашықтан оқуға ауыстырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылғы 9 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - делінген Білім басқармасы таратқан мәліметте.