Дезинсекциялық жұмыстарды жүргізу кезінде қала тұрғындары сақтық шараларын сақтауы керек, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, масалардың жаппай ұшу формасымен күресу үшін саябақтарда, алаңдарда, тұрғын алаптарда шіркейлерге қарсы іс-шаралар жүзеге асырылатын болады.
Бұл іс-шаралар сағат 21.00-ден 04.00-ге дейін өткізіледі, өңдеу кезінде елорда тұрғындары мен қонақтарына сақтық шараларын сақтау маңызды:
• өңделетін аймаққа баруды шектеу;
• өңдеу кезінде терезелерді жабу.
Бұл дезинсекциялық шаралар тітіркендіргіш жәндіктердің санын толық жойылуға емес, азайтуға бағытталған, өйткені олар табиғи экожүйенің ажырамас бөлігі болып саналады.
Сондай-ақ биыл су айдындарындағы дернәсілдік кезеңге қарсы дезинсекциялық іс-шаралар үшін фауна мен флора үшін зиянсыз биологиялық препараттар пайдаланылатынын атап өткен жөн.
Техникалық жабдықтардан басқа, ауқымды дезинсекциялық іс-шаралар үшін дезинсекциялық жұмыстарды қауіпсіз жүзеге асыру мәселелері бойынша нұсқама жүргізе отырып, дезинсекция бойынша кәсіби қызметке оқытылған 100 дезинфекциялаушы тартылды.