Астанада мас жүргізуші полицейді көлігімен сүйреп кетті

30 Қаңтар, 15:36 1049

Астаналық мас жүргізуші полицейді көлігімен сйүреп кетті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мас жүргізуші – қылмыскер!» жергілікті рейдтік іс-шарасы барысында патрульдік полиция қызметкерлері көлік жүргізушісін мас күйінде ұстады. Сақшылардың тоқтату талаптарын елемеген жүргізуші жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіріп, көлікті жүргізуін жалғастыра берген. Алайда ол көше қиылысында бағдаршамның қызыл түсіне тоқтауға мәжбүр болған. Осы кезде полицей көлікке жүгіріп келіп, есікті ашпақ болғанда жүргізуші жылдамдықты арттырып, инспекторды жол бойымен 20-30 метрдей сүйреп әкеткен.

Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, жүргізуші көлікті орташа дәрежедегі мас күйінде басқарғаны белгілі болған. Сонымен қатар 23 жастағы жас жігіттің жүргізуші куәлігі де болмағаны анықталған. Сот шешімімен жүргізуші 20 тәулікке қамауға алынып, көлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: