Оқиға 17 тамыз күні таңертең елордадағы «Рио-де-Жанейро» тұрғын үй кешенінің маңында болған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл сәттегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған Бейнежазбаны @kriminal_kazakhstan Telegram-арнасы жариялады. Видеодан ер адамның айқайлап, көліктерге тапаншадан оқ атқаны анық көрінеді.
Оқиғаға қатысты полиция пікір білдірді.
Аталған факті бойынша полиция 25 жастағы елорда тұрғынын ұстады. Белгілі болғандай, ол мас күйінде тұрғын үй ауласында өзін-өзі оқтайтын газ тапаншасынан бірнеше рет оқ атқан. Қару тәркіленді. Бұзақы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Материалдар сот қарауына жіберілді,-делінген полиция мәліметінде.