Астанада марқұмды жерлеуге 6 шаршы метр жер тегін беріледі

17 Наурыз 2023, 14:33 1351

Астана қаласы әкімдігі Ашық НҚА порталында қайтыс болған адамды жерлеу және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастыру қағидаларын қоғамдық талқыға ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ережеге сәйкес, Астана қаласының әкімдігі әрбір қайтыс болған адамды жерлеу үшін зират қорымынан кемінде 6 шаршы метр жер учаскесін тегін бөледі. Зират қорымындағы бос жер учаскелері туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсынан алуға болады.

Қайтыс болған адамды жерлеу үшін оның жақындары зират әкімшілігіне "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған қайтыс болу туралы куәлікті немесе №045/у нысаны бойынша қайтыс болу туралы медициналық куәлікті өткізуі тиіс. Оның негізінде зират әкімшілігі қайтыс болған адамды жерлеу туралы есеп жүргізеді, - делінген ақпаратта.

 Ол мынадай мәліметтерді қамтиды:

Ал қайтыс болған адамды басқа туысының зиратына жақынырақ жерлеу үшін оның туыстық жақындығын растайтын құжатты ұсыну керек. Сондай-ақ, ереже жобасында туыссыз адамдарды жерлеу бюджет қаражаты есебінен жүргізілетіні жазылған.

Құжат жобасын талқылауға 4 сәуірге дейін уақыт берілген.

EL.KZ
Бөлісу: