18.04.2025
17:20
781
Астанада Мәңгілік Ел даңғылының бір бөлігі жабылады

Астанада Мәңгілік Ел даңғылының бір бөлігі жабылады

Мәңгілік Ел даңғылының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

19-25 сәуір аралығында Мәңгілік Ел даңғылының учаскесінде Сарайшық/Мәңгілік Ел көшелерінің қиылысындағы көлік айрығынан Фариза Оңғарсынова көшесіне дейін жол төсемінің жоғарғы қабатын ауыстыру бойынша жұмыс кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Осыған байланысты аталған кезеңде жол учаскесі ішінара жабылады. Қозғалыс екі бағытта да тараптардың бірі бойынша ұйымдастырылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан ықтимал кептелістер мен уақытша қолайсыздықтарға тап болмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлағаны жөн, - делінген хабарламада.